Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық балалар ауруханасы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
kz ru
» » МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс кеңесінің хаттамасы

МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс кеңесінің хаттамасы

04/05/2021-ғы № 15-1-15/4302-И шығыс хаты

04/05/2021-ғы № 3386 кіріс хаты


МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс кеңесінің хаттамасы.

 

webex режимінде                                                             2021 жылғы 7 сәуір

                                                                                                                15:00

Төрағалық етуші: МӘМС үйлестіру департаментінің директоры Шайхыбекова г. т.

Қатысушылар (барлығы - 106 адам):

ҚР ДСМ-нен: Ерназаров А. А., Тілек Г.М., Макежанов Р.М.,                              Уразалинова А.Э., Салыкбаева С.Т.,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ атынан:                          Фалеева М.К., Жанабекова Л.Ж., орталық аппараттың және оның филиалдарының басқа да өкілдері,

Облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау/денсаулық сақтау басқармаларынан: басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары;

Медициналық ұйымдардан: басшылар және басшылардың орынбасарлары

 

Шешім:


1. Г.Т. Шайхыбекованың Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» жол картасының 131-тармағының орындалу барысы туралы ақпараты және МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын шаралар назарға алынсын.


2. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – «ӘлМСҚ» КЕАҚ) және облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау/денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДСБ) іс-шаралар жоспары бойынша МӘМСҮД ұсынымдарын жұмысқа қабылдасын.


3. «ӘлМСҚ» КЕАҚ:

- Министрлікке Қор филиалдарының қызметтермен қамтамасыз етілуін талдау және медициналық көмекті ұйымдастыруға қойылатын талаптар бойынша ДСБ-ға бағытталған жиынтық ақпаратты және растайтын хаттарды, оның ішінде инфрақұрылым мен кадр ресурстарын ағымдағы жылғы                              15 мамырға дейінгі мерзімде қымбат тұратын қызметтермен қамтамасыз ету үшін ұсынуға.

Аяқтау нысаны: ақпарат

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 мамырға дейін.


көрсетілетін қымбат тұратын Қызметтердің көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторингті қамтамасыз ету;

проблемалық мәселелерді анықтау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ДСБ-ға тиісті ұсынымдар мен мәліметтерді жіберу мақсатында қымбат тұратын қызметтердің қолжетімділігіне қатысты (call орталық 1406, Qoldau 24/7, Қор сайты және ҚР ДСМ келіп түсетін өтініштер) халықтың жүгінулеріне мониторинг жүргізу;

- ҚР ДСМ өңірлер бөлінісінде, сондай-ақ ДСБ-да медициналық ұйымдар бөлінісінде қымбат тұратын медициналық қызметтерді көрсету бойынша ақпарат ұсыну;

- КТ, МРТ, ПЭТ қызметтерін жеткізушілерден көрсетілетін ақылы қызметтер туралы ақпаратты сұратуға, ақылы негізде көрсетілген қызметтерді анықтау үшін проактивті мониторинг жүргізуге, көрсетілімдер болған кезде ақылы негізде қымбат қызметтер көрсетуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;

- БАҚ және әлеуметтік желілерде, соның ішінде азаматтардың тегін қымбат қызметтерге құқықтарының бұзылғаны туралы ақпаратты жариялау.

Аяқтау нысаны: талдамалық ақпараты бар есеп.

Орындау мерзімі: тоқсан сайын.


4. Облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау/денсаулық басқармалары:

- медициналық қызметкерлер арасында халыққа қымбат тұратын қызмет көрсету шарттары бойынша, оның ішінде сақтандыру мәртебесіне қарамастан әлеуметтік жағдайы төмен адамдар үшін түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

- медициналық ұйымдардың сайттарында МҰ-да, БАҚ-та КТ, МРТ, ПЭТ қызметтерін жеткізушілердің тізбесі бойынша ақпарат орналастыруды ұйымдастыру;

- медициналық ұйымдарда тіркелген халыққа қымбат тұратын қызметтерді көрсету жоспарларын, сондай-ақ пациенттердің қызметтерді уақтылы алуы үшін оларды жіберудің шартты бағыттарын ұйымдастыру.

Аяқтау нысаны: ҚР ДСМ-ге ақпарат.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 6 мамырға дейін.


- МҰ бөлінісінде қымбат тұратын қызметтердің 100% қолжетімділігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу, себептерін анықтау және қымбат тұратын қызметтердің қол жетімділігінің проблемалық мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдау;

- БАҚ-та азаматтардың қымбат тұратын зерттеулерге және түсіндіру сипатындағы ақпаратқа құқықтары туралы ақпаратты жариялау (айғақтар, маршруттар және т.б.).

Аяқтау нысаны: ҚР ДСМ есеп беру

Орындау мерзімі: тоқсан сайын.


МӘМСҮД үйлестіру

департаментінің диркторы                                   Г. Шайхыбекова

Скачать файл: МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс кеңесінің хаттамасы.pdf [133.55 Kb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс кеңесінің хаттамасы.pdf
 
28 мамыр 2021 г., 14:48 246 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы