Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық балалар ауруханасы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
kz ru
» » Өткен күнгі және бүгінгі педиатрия

Өткен күнгі және бүгінгі педиатрия

Педиатрия Қызылорда облысында  алғаш 1926 жылы құрылды. Облыстықауруханада 10 төсек орынды балалар бөлімі ашылды.Сол жылы Арал орталығында және Жосалыда балаларға кеңес беру орталығыңіргетасы құрылған. Соғыстан кейінгі  кезең педиатрия үшін дамужылдары болды.Қызылорда қаласында және басқа да аудан орталықтарында балалар емханалары мен  ауруханаларда балалар бөлімшелері  ашыла бастады. 1959 жылы Қызылода облысында 102 төсек орынға арналған ауруханасы  ашылып, 40 педиатр жұмыдырылды.


Алғашқы облыстық бас педиатр мамандығына медицина ғылымдарының кандидаты Алимхан  Абишев тағайындалды. Осы лауызымды  1965 жылдан 1974 жылға дейін басқарып келді.Бұл кезеңге дейін  денсаулық сақтау  саласында бас маман болмаған.


01.01.1961 жылы Қызылорда қалалық  балалар ауруханасынан облыстық аурухана жеке бөлініп шықты. Ауруханада 100 төсек орнымен катар кенес беру бөлімі ашылған. Отандық медицинаның ең білікті мамандары: Ким Е.Ф., Волкова К.Я., Есова С.Е., Даутбаева С.Т және   тағы да көптеген өз  мамандығынын кәсібі деңгейі жоғары  дәрігерлер жұмыс атқарды. Ауруханада  мың балалардын  өміріне араша болып,мыңдаған ота мен манипуляциялар жүргізілді. Балалар ауруханасының алғашқы бас дәрігері Ким Е. Ф болды. Ауруханада ішінен 2 бөлімше ашылды.60 төсек орынды инфекциялық бөлім  басшысы - Валиева И.Г және соматиялық 40 төсек орын  бөлім басшысы-ҚР  еңбек сіңірген дәрігері – Волкова К.Я, кеңес беру бөлімінің басшысы Есова С.Е басқарды. 1962 жылдың қазан айынан бастап Есова С.Е балалар ауруханасың 30 жыл адал еңбегімен,  абыроймен  басқарып, зейнетке шықты. Кейінен 1992-2002 ж аралығында Беисов М.Б басқарды. 2002 жылдың қаңтар айында 27.12.2001 жылдың  облыс әкімінің шешімімен  Қызылорда облыстық балалар ауруханасы консультатативті–диагностикалық кенес беру емханасымен бірігіп  ашылды, 2002-2003 жылдар аралығында  ауруханаын тізгінің Альназарова А.Ш   адал мен абырой еңбегімен атқарып келді, 2003-2004 жыларалығында Мусафирова А.Б., 2004 - 2017 жылдың маусым айына дейін Рысмухамедова К.Р баскарды. 


2017 жылдың шілде айынан бастап қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы  жоғары категориялы дәрігер Кушенова Зоя Рахатовна  облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалып, жұмыс атқаруда. Аурухана ашылғаннан бері  қыркүйек айына дейін бас дәрігердің  емдеу ісі жөніндегі орынбасарының лауазымын белсенді  Ержанова Г.Е.  қызмет атқарып келді.04.09.2017 жылдан бастап медициналық қызметтің сапа бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалып, жұмыс атқаруда.


Көптеген жылдар бойы біздің әріптестеріміз көп салалы типтік аурухананың болмауына карамастан белсенді жұмыс атқарды. Бірақ бүгінде біздің елімізде Елбасының  дана саясатының арқасында, «Жол картасы», «Жүз аурухана,жүз мектеп», «Жүз нық қадам» бағдарламасы бойынша көп профильді аурухана салынды.


Облыстық балалар ауруханасынын құрылыстың 2014 жылы басталды. Жобаның құны 6 374 445,8 тг. құрады. Жалпы көлемі 25 744 кв м. тең. Қазіргі таңда заманауи медициналық құралмен жабдықталған  ауруханада жұмыс жасауға мүмкіндік туып отыр.


2016 ж. 13 қарашасында  Қызылорда Облыстық  балалар ауруханасы 305 төсек орынды типтік ғимаратқа көшті. 8 клиникалық және 8 қосымша жаңа  бөлімшелер  ашылды. Оңың ішінде 3 хирургиялық бөлімше 75 төсек орынды,оталық  блок5 операциялық бөлімшеден тұрады. Сәулелік диагностика бөлімі заманауи  диагностикалық құрылғылармен КТ, МРТ, ангиография, УДЗ, ренгенмен жабдықталған.


Бас дәрігердің қабылдауы 16.00-17.00 дейін

Бас дәрігердің телефон номері:70-20-10

Пациентті  колдау телефоны   70-20-23


Аурухана 305 төсек орынға есептелген:

Педиатрия І-40 төсек орын

Педиатрия ІІ -45 төсек орын

Нәрестелер бөлімі -35 төсек орын

Неврология  реабилитация бөлімі-60 төсек орын

Пульмонология бөлімі-50 төсек орын

Анестезиолгия және реанимация бөлімі-12

Хирургиялық бөлім І-20

Хирургиялық бөлім ІІ -25

Нейрохирургия,травматология,ортопедия бөлімі-30

Физиотерапия бөлімі

Сәулелік терапия бөлімі

Қабылдау бөлімі

Клинико-лабораториялық бөлімше


Науқастың өміріне араша болу  қабылдау бөлімінен басталады,сондықтан бұл ауруханадағы ең маңызды бөлімнің бірі болып есептеледі. Сол жердің  жұмысынын дұрыс деңгейде койылуы  және тез орындалуы  кейінгі емнің нәтижесінің жақсы болуын қамтамасыз етеді.

Қабылдау бөлімі 2 қабатта орналасқан. Жоспарлы,жедел түрде түскен наукастар науқастарды қабылданып, алғашкы көмек көрсетіліп, мамандырылған бөлімшеге ауыстырылады. Қабылдау бөлімінің меңгерушінің лауазымын  Туреханов С.И атқарды. Қазіргі кезде меңгерушінің қызметіне  Елубайқызы Қ тағайындалды. 


Бөлімшеде 7 аяжан жұмыс атқаруда. Онан басқа  тәуліктің әр уақытында қабылдау бөліміне тар буынды мамандарды шақыруы мүмкін.


Қабылдау бөлімінің  жұмысының кұзырына:

-науқастарды қабылдау,оларды қарау және тексеру

-Диагноз қою және ауруханаға жатқызуды шешу

-жедел қызмет көрсету

-келген және шыққан науқастарды тіркеу,ауру тарихының паспорттық бөлімін толтыру

-түскен  науқастарға жедел көмек көрсету

-анализдерді жедел орындау

-мамандардың кеңесін ұйымдастыру

-диагностикалық  палатада науқастарды бақылау

-анықтама –информациялық жұмыс


Қабылдау бөлімінің  дәрігерінің  міндеттері:

1.Анамнезді ұқыпты жинау

2. науқасқа жедел көмек көрсетудің  қажеттілігін анықтау

3.Науқасты диагнозын  нақтылау үшін қарау

4.Ауруханаға жатқызудың көрсеткішін  анықтау (ауруханаға жатудан бас тартқан жағдайда  журалға  себебін сұрап тіркеу)

5.Керек құжаттарды толтыру

6.Түскен бөлімшесіне жеткізу


Ауруханаға түсу түрлері:

А) жоспарлы (емхананың жолдауымен) - ауруханад а жоспарлы орындар аптға бөлініп қойылған.Жоспарлы науқастарды алдын-ала  жазу журналын толтыру

Б) жедел (жедел жәрдем көлігімен алып келу)

В) Өз бетімен қаралу


Жедел жәрдеммен келген науқастарды ауруханаға жатқызу жұмысы бірінші кезекте қолға алынған,себебі жедел көмек көрсетуді талап етеді.


Қабылдау бөліміндегі қағаздарды жүргізу : ауруханаға  түскен науқастарды тіркейтін журнал,ауру тарихы,өлім жайында дәрігерлік  куалік беру

  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы